KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065601
2019 жылы:  131136
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2012

2012 жылы 4 мамыр, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті бөлімінде Славян мәдениеті айлығының ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шара Славян жазуы мен мәдениетінің күнінен (славян әліпбиінің жасалуы) басталып Пушкин күнімен (6 маусым) тәмәмдалады.

Айлық барысында тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Олар:

· «Славян халықтарының мәдениеті»

· «1812 жылғы Отан соғысына 200 жыл. Бородино шайқасы»

· «Ұлы Жеңіс - мәңгі есімізде».

   Іс-шара бағдарламасында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының және ТМД-ның шет елдердегі отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық ісі жөніндегі федералды агенттігі ҚР Ұлттық кітапханасындағы Ресей мәдениет орталығына 117 баспа, электрондық және аудио басылымдарды сыйға тартты.

   Салтанатты рәсімнің ашылуына Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының консулы, дипломатиялық миссиялардың және славян ұлттық орталықтарының жетекшілері, ЖОО-ның оқытушылары және студенттері, мәдениет, ғылым және білім ұйымдарының мамандары қатысты.

      Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының қолдауымен өткізілді.

     Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және ТМД-ның шет елдердегі отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық ісі жөніндегі федералды агенттігі, ҚР Ұлттық кітапханасы.

                          

                                                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование