KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065635
2019 жылы:  131170
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.05.2012

   Мерзімді басылымдар бөлімінде «Правда» газетінің 100 жылдығына арналған көрме ашылды.  

   «Правда» газеті - КОКП Орталық комитетінің органы,  бірінші саны 1912 жылы 5 мамыр күні шықты. Алғашқы жылы газеттің таралымы 40000 –ға жетті.

   КСРО дағы ең көп таралатын және күн cайын шығатын беделді, тұңғыш  бұқаралық жұмысшы газеті болды. Ол жұмысшы табының және халық бұқарасының арасына тез тарап, үлкен беделге ие болды.  «Правда» газеті еліміздің халық шаруашылығы мен мәдениетін өркендету,  социалистік жүйені қалыптастыру мәселелерін, Кеңес Одағының  жаңа адамды тәрбиелеу, бейбітшілік сүйгіш саясатын,   толық жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етті.

   «Правда» газетінің қызметі жоғары бағаланып, 2 мәрте Ленин орденімен (1945, 1962), Октябрь революциясы  орденімен(1972) марапатталды.

    Газеттің КОКП Орталық комитетінің органы ретінде 1991 жылы 22 тамызда соңғы саны шықты.

   1997 жылдың сәуір айынан бастап Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының IV съезінің арнайы қаулысымен «Правда» газеті  РФКП органы ретінде қайта   шыға бастады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование