KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888139
2019 жылы:  21854
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.05.2012

    14 мамыр сағ. 17.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында 1906 жылы  Санкт-Петербург қаласында жарық көрген Михаил Терентьевтің (1837-1909гг.) «История за­воевания Средней Азии с картами и планами» үштомдық кітабының факсимильдік басылымының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Алғашқы сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Балабекова Гулиса Қабарқызы бастап, басылымның авторы Михаил Терентьев және оның еңбегі  туралы қысқаша мәлімет берді.

   Іс шараны белгілі жазушы, қоғам қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы жүргізді. Шараға Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қатысты.

   Тұсаукесерде продюсер, кинорежиссер Сергей Әзімов, ҚР Еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері, инженер-геолог, мұнайшы, басылымның демеушісі Балтабек Қуандықов, академик, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, халықаралық ақпараттандыру академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Аслан Жақ­сылықов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы Әміржан Қосанов, экономика ғылымдарының кандида­ты Мұхтар Тайжан, «CENTRAL ASIA MONITOR» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының қызмет жетекшісі Набат Асқарбекова және кітапхана оқырманы, журналист Тынышбай Дайрабай және т.б. ғалымдар мен тарихшылар М.Терентьевтің еңбегінінің тағылымды мән-маңы­зына жан-жақты тоқтал­ып, өз пікірлерін  білдірді. Бұл басылымның шығуы енді Ұлттық кітапхананың көпшілік оқырман қауымына кітаптың қолжетімді болуына мүмкіндік тұғызды.

    Іс-шараға белгілі ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен тарихи мұражайдың басшылары, жазушылар, Алматы қаласының кітапханашы­лары мен оқырмандары қатысты.

        

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование