KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888198
2019 жылы:  21913
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2012

   15 мамыр сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында Болатбек Төлепбергеннің «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Іс-шараны философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершинов жүргізді.

    Тұсаукесерде ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдары­ның докторы, профессор Әбдімәлік Нысанбаев, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының директоры Уалихан Қалижанұлы, Қазақ радиосының директоры Садық Махат, танымал сықақшы, журналист Көпен Әмірбе­к, жетекші ғалымдар Мұхтар Изотов, Серік Нұрмұратов және т.б. ұлттық идея тақырыбында жан-жақты тоқтал­ып, кітап туралы өз пікірлерін  білдірді.

   Тұсаукесерге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, республикалық бұқаралық ақпарат құрал­дарының басшылары, Алматы қаласының кітапханашы­лары мен оқырмандары қатысты.

    Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

                  

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование