KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888168
2019 жылы:  21883
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасында 2012 жылғы 10 мамырдан 09 маусымға дейін Wiley–Blackwell дерекқорының электрондық ресурстарына тестілік қолжетімділік ұсынылған.

   Wiley–Blackwell – бұл табиғаттану және қоғамдық ғылымдар бойынша ағылшын тіліндегі толықмәтінді ғылыми журналдар. Хронологиялық қамтылуы: 1997 жылдан осы уақытқа дейін.

  Тақырыбы: физика, математика, химия, биология, техникалық ғылымдар, информатика, есептеуіш техника, электротехника және энергетика, астрономия, электроника және радиотехника, машина жасау, экология, көркемөнер, тарих, экономика, философия, мемлекет және құқық, тіл білімі, білім және педагогика, медицина,  психология, социология, саясаттану, мәдениеттану, Жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы, нанотехнологиялар.

   Сонымен бірге, Polpred.com толықмәтінді дерекқорының электрондық ресурстарына тестілік қолжетімділік ұсынылған (БАҚ-тың елдер және салалар бойынша үздік жарияланымдары).

  Polpred.com – бұл орыс тіліндегі он-лайн дерекқоры, күнделікті толықтырылып отырады, 100 ресейлік және әлемдік информагенттіктер мен БАҚ-тың 15 жылдағы 380 мың үздік мақалаларының толық мәтіндерін қамтиды. Талдамалар мен баспасөз шолуларының құжаттары бір мезгілде салалық  және елдік ресурстарға енгізіледі: 42 сала, 230 ел, 600 дереккөздер. Нtml 185 мың хабарлама мен 18 мың аналитикалық мақалаларды, pdf форматындағы 880 елдік және 390 салалық томдарды қамтиды.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование