KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888178
2019 жылы:  21893
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.05.2012

   18 мамыр сағ.16.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында аса көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің қатысуымен «Олжас кітапханасы» Баспа Үйі шығарған «Қазақ әдебиетінің классиктері, қазақ прозасының және поэ­зиясының шеберлері» атты кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Іс шараны белгілі мәдениеттанушы, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының Прези­денті Мұрат Әуезов жүргізді. Бұл шара Олжас Сүлейменовтің 76 жасқа толған туған  күніне орай өткізілді.

   ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры Балабекова Гүлиса Қабарқызы Олжас Сүлейменовті туған күнімен құттықтап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбайдың құттықтау хатын тапсырды.

   Іс шарада Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдаулет, Дүйсенбек Нақыпов, Сафар Абдулло және т.б. бұл жаңа кітап сериясының халқымыздың рухани дамуына, ұлттық мәдениетімізге қосқан лайықты  үлесі туралы сөз қозғады.

   «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының Прези­денті Мұрат Әуезов шығарылған кітап сериясына баға беріп, басылымдардың баспалық және дизайндық жоғары сапалық ерекшелігін айта келіп, оқырмандардың ықыласына бөленуіне тілек білдірді. Олжас Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі заманның ағымына ілескен жастар кітап оқудан қалып барады, сондықтан, рухани құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек. Кездесу барысында Олжас Сүлейменов өзінің «Жастардың абыройы мен моралдық кодексі» атты жана кітапқа кіріскелі жатқанын айтты. Сонымен қатар, алдағы жоспарда «Әлем әдебиетінің классиктері» атты серия шығару көзделгендігі­не де тоқталды.

   «Олжас кітапханасы» Баспа үйінің басылымдары көпшілік оқырман қауымға ұсыны­лып, сатылымдар ұйымдастырылды.

Тұсаукесерге белгілі қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, Алматы қала­сының кітапханашылары,  жоғарғы оқу студенттері, Қаскелең қаласының Мәдениет колледжінің оқушылары, баспасөз және телевизия өкілдері қатысты.

 

                           

                          

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование