KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065588
2019 жылы:  131123
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.05.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде жазушы Дүйсенбек Әділдің 70 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Дүйсенбек Әділ 1942 жылы 24 мамырда Жамбыл қаласының (қазіргі Тараз қаласы) жанындағы Жас өркен ауылында туған. 1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егеменді Қазақстан») газетінде кіші әдеби қызметкер қызметінен бастаған. Содан бері үзіліссіз осы басылымда еңбек етті. Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде редактор қызметін атқарады.

   Дүйсенбек Әділ С.Ходжанов атындағы сыйлықтың лауреаты (1995). Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен (1987), «Еңбек ардагері» (1988), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Ерен еңбегі үшін» (2002) медальдарымен марапатталған.

   Кітап көрмесі жазушының өмірі мен шығармашылығынан тұрады. Көрмеде жазушының «Ақ күмбез» (1977), «Көкжиек» (1979, 2002), «Жүрек жылуы» (1984), «Менің Шер ағам» (2002), «Қара шаңырақ» (2004), «Шерағамның шеруі» (2007), т.б. еңбектері мен мақалалары ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование