KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065618
2019 жылы:  131153
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.05.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде жазушы, ақын, аудармашы, сыншы Қуанышбай Құрманғалидың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қоңыр күз күмбірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қуанышбай Құрманғали 1942 жылы 1 маусымда Қостанай облысында туған. 1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1960 -1976 жылдар аралығында «Лениншіл жас»  (қазіргі «Жас Алаш») газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976-1989 жылдары «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында аға редактор,  жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1978-1986 және 1990-1994 жж. «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор, 1986-1988 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1995-1996 жылдары Дүние жүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және «Ел» баспасының бас редакторы, Қазақ білім академиясының вице-президенті – Республикалық баспа кабинетінің директоры, «Ғылым» ғылыми баспа орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.

   Кітап көрмесі жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Көрмеге жазушының «Арман аралы» (1981), «Қош, қалқатай» (1990), «Қоңыр күз күмбірі» (2002), «Әдебиет әлеміне саяхат» (2012), атты шығармалары, сонымен қатар шетелдік және орыс жазушыларының шығармаларының аудармалары: И Б.Шубиннің «Доктор Чехов» (1979), Ю.Балтушистің «Өмір өткелдері» (1986), «Орыс халық ертегілері» (1990), И.Стрелкованың «Шоқан Уәлиханов»(2008), «Базарлық» (2009), Г.Флобердің «Бовари ханым. Бувар мен Пекюше»(2010), қойылған.

                                                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование