KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065579
2019 жылы:  131114
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.05.2012

   25 мамыр сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Аслан Жақсылықовтың «Сны окаянных» жинағының бесінші кітабы - «Возвращение» романының талқылауына арналған дөңгелек үстел өтті.

    Жақсылықов А.Ж. - әдебиеттанушы-ғалым, прозашы, 150-ден астам ғылыми еңбектер мен көркем шығармалардың авторы. Олардың қатарында кітаптары, романдары, монографиялар, оқу құралдары, ғылыми-көпшілік басылымдар бар.

    2005 жылы толық көлемде жарияланған «Сны окаянных» романы адамзат тари­хындағы соғыстардың экзистенционалды және философиялық проблемаларын көрсетеді. «Поющие камни», «Сны окаянных», «Другой океан», «Дом суриката» романдарында экспрессивті баяндау шеңберінде Қазақстан аумағындағы атом полигондары туралы жұртта қалған әскери қала жағдайларында оқшау өскен балалар тобының тағдыры суреттеледі. Филологиялық жанрға жататын романында автор адамзат тарихында соғыс пен қару-жарақ проблемалары өткір қозғалып, адамдардың ой-санасын­дағы соғыс психологиясының мифологиялық аспектерін ашады. «Возвращение» романы осы роман­да­рдың жалғасы болып табылады.

   Дөңгелек үстелді белгілі мәдениеттанушы, ақын, аудармашы, философия ғылымының кандидаты  Әуезхан Қодар жүргізді.

   Іс-шараға Берік Жылқыбаев, Дүйсенбек Нақыпов, Ольга Әбішева және т.б. қазақ жазушылары, әдебиет сыншылары қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование