KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065628
2019 жылы:  131163
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.06.2012

   4 маусым сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай «Мемлекет нышандары – тәуелсіздік тұмары» атты кең ауқымды кітап көрмесінің салтанатты ашылуы  өтті.

   Көрменің ашылу салтанатына "Ақ Орда" Республикалық қозғалысының Төраға орынбасары, "Нұр Отан" партия хатшысының кеңесшісі Мұсағұ­лов Қанат Жанатұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты­ның директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Хангелді Махмұтұлы, танымал ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің" 10 жылы» медальдарының иегері, Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері Асқар Оразақын, ақын, «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының, «Алаш» әдеби сыйлығының иегерi Райымбекұлы Маралтай сөз сөйлеп, ақындар  мемлекетіміздің рәміздеріне арнаған өз өлеңдерін оқыды.

    Қазақстанның әнұраны орындалып, «Мемлекет нышандары – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына  ұсынылды.

    Іс-шараға тарихшылар, Алматы қаласының кітапханашылары және кітапхана оқырмандары қатысты.

    Кітап  көрмесін көруге шақырамыз!

                                 

                                    

                                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование