KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888064
2019 жылы:  21779
бүгiн:  1
қазiр:  67
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2012

    Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрме залында 31 мамыр - Саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы тарихқа айрықша тағзым» атты кітап көрмесі ашылды.

    Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын  31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының  басталғанына – 75 жыл, Ұлы жұт (ашаршылық) зұлматына  - 80 жыл  толып отыр.

    Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Бұрынғы ГУЛАГ, КАРЛАГ, АЛЖИР лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істеуде, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайлары облыстарда ашылуда. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді.

    Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы орыс, қазақ тілдерінде  басылымдар ұсынылған.

     Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

     Байланыс тел.: 267-28-66

                              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование