KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887999
2019 жылы:  21714
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.06.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының делегациясы «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет» атты халықаралық форумға (15.06.2012 ж., Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы)  қатысты. Делегацияны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова басқарды.

  Форумды өткiзу Қазақстан Республикасының идеясы бастамасымен іске асырылды. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының  «Достастықтың мәдени астаналары» жобасы аясындағы ТМД-ның 2012 жылы мәдени астанасы болу құрметі Астана қаласына  жүктелді. Сонымен қатар 2012 жылы  Астана қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып отыр. Форумның мақсаты – қазіргі заманғы ғаламдану процесінде Достастық елдерінің шығармашылық қауымдастығын біріктірудің Еуразиялық идеяларын, рухани, мәдени, өркениеттік аспектілерін жүзеге асырудағы мәдениеттің ролін айқындау.

   ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Құл-Мұхаммед Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі  Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумына қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқыды. Форумның міндеттері – ТМД-ның мәдени, шығармашылық, гуманитарлық қоғамдастығының рухани құндылығын бір ортаға шоғырландыру; еуразиялық бірліктің әралуандылығының дамуына жаңа серпін беру; интеграциялық процестердің тереңдей түсінің маңызды факторы ретінде ТМД халықтарының мәдени, рухани өзара әрекеттестігін, мәдени ынтымақтастық әлеуетін, еуразиялық кеңістіктегі мәдениеттер мен толеранттылық диалогын нығайту; мәдени саясатты іске асыруда профильді министрліктер арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімді үлгісін қалыптастыру болып табылады.

  Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық  ынтымақтастық  қоры.

  Форум жұмысына Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының басшылары мен өкілдері, ТМД елдерінің  мәдениет министрлері, гуманитарлық қоғамдастықтардың, шығармашылық ұйымдардың делегациялары, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, Парламент депутаттары, Достастықтың Қазақстандағы дипломатиялық корпустарының басшылары  қатысты.

   Форум аясында Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына және  «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру нәтижелеріне   арналған «Қазақстан мәдениеті: өткені, бүгіні, ертеңі» тақырыбына  көрме ұйымдастырылды.

   Форумға қатысушылар ТМД мемлекеттерінің көшбасшыларына,  ғылыми және шығармашылық қоғамдастығына Үндеу қабылдады.

   Форум  «Астана – Достастық мәдениетінің  астанасы» атты концертпен аяқталды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование