KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888101
2019 жылы:  21816
бүгiн:  1
қазiр:  94
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.06.2012

   Мерзімді басылымдар бөлімінде «Қостанай таңы» газетінің 90 жылдығына арналған көрме ашылды.

   «Қостанай таңы» Қостанай облысының қоғамдық – саяси газеті. Газеттің бірінші саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. РКП(б) Қостанай губерниялық комитетінің органы ретінде құрылды. Газеттің алғашқы ұйымдастырушы, әрі редакторы – Мұхаметжан Сералин, жауапты шығарушысы - қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлин болды. Кейін «Социалды ауыл» (1931–1936), «Большевиктік жол» (1936–1953), «Коммунизм жолы» (1953–1963), «Коммунизм таңы» (1966–1991) деген атаулармен шықты.

   1991 жылдан «Қостанай таңы» газеті аптасына 3 рет  Қостанай облысы әкімнің қолдауымен шығарылады. Бас редакторы – Жайберген Болатов. Осы жылдар ішінде астықты өлкенің тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері  басылымның шежірелі беттеріне айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық құқықтық реформаларды оқырмандарға жан-жақты насихаттауда газеттің қосқан үлесі зор.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование