KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067484
2019 жылы:  133019
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.07.2012

3 шілде сағ.11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Халықаралық ғылым академиясының академигі, Ресей Федерациясының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАз­ЭҚ)  бас хатшысының кеңесшісі О.И. Карпухиннің ресейлік «Русский раритет» бас­пасынан жарық көрген «Неизвестный Раевский» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерде жаңа кітаптың авторы Олег Карпухин, кинорежиссер Александр Головинский, қоғам қайраткерлері Есетжан Қосубаев, Марина Брылева, жазушы Римма Артемьева Н.Раевскийдің өміріне байланысты пікір айтып, ой бөлісті.

   О.Карпухиннің жаңа кітабында Н.Раевскийдің өмірінің беймәлім қырлары көрсе­тілген. Кітапта Мәскеу және Прага қалаларындағы тарихи мұрағаттарынан табылған жаңа құжаттар мен мағлұматтар, В.В. Набоковтың, Ив.Лукаштың хаттары енгізілген. 

   Іс-шара аясында белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Кинематография және журналистер одағының мүшесі Александр Головинскийдің «Отан үшін жан пида» атты Н.Раевский туралы деректі фильм көрсетілді. Бұл фильм 1987 жылы Н.Раевскийдің көзі тірі кезінде түсірілген туынды.

   Іс-шараны қазақстандық ақын, романист Дүйсенбек Нақыпов жүргізді.

   Тұсаукесерге белгілі музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиев, әдеби сыншылар, жазушылар, әдеби газет, журналдарының бас редакторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование