KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888063
2019 жылы:  21778
бүгiн:  1
қазiр:  66
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.06.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова Қазақстандағы Франция елшілігінің және Француз институтының Орталық Азияны зерттеу саласының (ІFEAR) өкілдерін қабылдады. Делегация құрамында  Франсис Ришар, Француз институтының Орталық Азияны зерттеу саласы  директорының міндетін уақытша атқарушы, Йоанн Юрес, Қазақстандағы   Франция елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі (Астана қ.), Бенедикт Брюнэ, Қазақстандағы   Франция елшілігінің мәдениет  жөніндегі атташесі, Ғ.А.Қамбарбекова, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері болды.

  ҚР Ұлттық кітапханасы мен  Қазақстандағы Франция елшілігі арасындағы тығыз байланыс ұзақ мерзімді достық ынтымақтастықтың  жемісі. Қазақстандағы Франция мәдениеті жылы (2013) қарсаңында Қазақстандағы  француздық зеттеушілерге ақпарат беру, Интернетте сандық құжаттарға қол жеткізу, кітапханалар қорын зерттеу, консервация және қайта қалпына келтіру, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы кітапханашы мамандарды оқыту саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.  Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы француз әдебиеттерінің каталогын шығару мәселесі қозғалды.

   Кітапханаға саяхат жасау барысында қонақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар және  Әлем әдебиеті қорларымен танысты. ҚР Ұлттық кітапханасында сирек кездесетін француз кітаптарының жинамасы 7800 данаға жуық,  соның ішінде 1800 данасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында. Кітаптар 1659 жылдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды. Өте ертеректегі  басылымдарға «Олеарий Адам. Продолжение отчета о путешествии в Московию, Татарию и Персию» (1659 ж.);  «Journal des scavans» (1679 ж.) және т.б. жатады. Жинамада Вольтердің,  Ж.-Ж. Руссоның, Мольердің, Гюгоның, Дидроның шығармалары, энциклопедиялар, тарих, география және т.б. ғылым салаларындағы басылымдарды қамтиды.

                                        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование