KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888027
2019 жылы:  21742
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.06.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасында «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай «Астана – түркі әлемінің Мәдени аста­насы» атты кітап көрмесі ашылды.

   Кітап көрмесінің мақсаты - түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени мұрасы және мәдениеті мен өнерінің қазіргі жетістіктері туралы ҚР Ұлттық кітапхана қорындағы басылымдарды насихаттау; халықтардың ұлттық тарихын, әдебиеті, мәдениеті мен өнерін, дәстүрлерін оқып-зерделеуге атсалысу.

   Көрмеде қазақ және түркі халықтары тілдеріндегі 2000-нан астам басылымдар ұсынылған. Көрме төрт кең ауқымды бөлімнен тұрады:

«Астана – түркі әлемінің Мәдени астанасы» атты бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың еңбектері, баяндама­лары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары, құттықтаулары қойылған. Олардың ішінде әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздігі­мізге бес жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл» және т.б. кітаптары бар. Сонымен қатар, Астана қаласының тарихы, бүгіні мен болашағы, Тәуелсіздігіміздің символы ретінде дамып, өркендеуі туралы әдебиеттер ұсынылған. 

«Ұлы дала Мәдениеті» бөлімі бүкіл түркі әлемінің тарихы мен мәдениетіне, ТҮРКСОЙ – Халықаралық түркі мәдени дүниесін біріктірген ұйымға, оның тарихы мен қызметіне арналған.

«Түркітілдес мемлекеттердің дамуы және жаңа белестері. Өнері мен мәдениеті» атты бөлімде Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркімен­стан, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ғағауыз, Хақас Автономиялық, Алтай, Тыуа, Саха Республикаларының мәдениеті мен өнері туралы басылымдар ұсынылған.

«Алматы қаласында 2012 жыл - Мәдениетті қолдау жылы» бөлімінде Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар, соның ішінде - энциклопе­диялар, альбомдар, кітаптар ұсынылған.

   Кітап  көрмесін көруге шақырамыз!

                         

                                        

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование