KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887967
2019 жылы:  21682
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.07.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде көрнекті ғалым-гидрогеолог, ҚР ҰҒА академигі Уфа Мендібайұлы Ахмедсафиннің 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Уфа Мендібайұлы Ахмедсафин 1912 жылы Солтүстік  Қазақстан облысында туылған.  1935 жылы Орта Азия индустрия институтын бітіріп, еңбек жолын 1940 – 1964 жылдары Қазақстан  Ғылым   академиясының Геология ғылымдары институтында аға ғылыми қызметкер, кейіннен сектор меңгерушісі болып бастаған.

   Осы жылдары ғылыми мамандарды дайындауға және  жаңа өзекті ғылыми бағыттағы жұмыстардың дамуына күш жұмсады.

   1947-1949  жылдары  геология – минералогия  ғылымдарының докторы , профессоры, 1954 жылы ҚазКСР ҒА-ның академигі, 1961 жылы ҚазКСР-інің ғылымына еңбек сіңірген қайраткер атағын иемденген. 1965 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтын ұйымдастыруға үлкен үлес қосып, осы институттың құрылғанынан бастап, өмірінің соңына дейін (1984 ж.)  директор қызметін тұрақты атқарды.

   СССР  Жоғары Президиумы Кеңесінің  13 наурыз 1969 жылғы жарлығымен Совет Одағы  ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан қызметі үшін  Социалистік Еңбек Ері атағы, Ленин ордені  және «Серп и молот» алтын медалі берілді. 1980 жылы  Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

   Кітап көрмесі ғалымның өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Көрмеге  Уфа Мендібайұлы Ахмедсафиннің: «Подземное море Казахстана» (1964), «Мынбулакский артезианский бассейн» (1984), «Формирование подземных вод» (1985), 2-томдық шығармалар жинағы (2003) қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование