KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887911
2019 жылы:  21626
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.07.2012

Назар аударыңыз! «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» республикалық семинары 2012 жылдың 26-27 қыркүйегіне Астана қаласына ауыстырылады және  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Достастық кітапханалары: ықпалдастық, инновация және барлығына қолжетімділік» атты Достастық елдер кітапханашыларының форумы – 2012 аясында  өтеді.

Ақпараттық хабарлама 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА КІТАПХАНАЛАР ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

ҚР, Астана қ.                                                                         26 -27 қыркүйек 2012 ж.

Қазақстан Республикасының                                             15.00 сағ.
Ұлттық академиялық кітапханасы

Ұйымдастырушы: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Семинардың мақсаты: «Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мән-мәтінінде еліміздің зияткерлік ақпарат ресурсының негізі ретінде кітапханалық қорды қалыптастырудың стратегиясын белгілеу. 

Талқыланатын тақырыптар:

·         Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстарын аймақтық индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында қалыптастыру.  

·         Кітап шығару және кітап нарығы: кітапханалар қорларын толықтыру саласындағы инновациялар мен үрдістер. Қазіргі кезеңдегі техникалық және жаратылыстану әдебиеттерінің басымдықтары.

·         Электрондық ортадағы кітапханалар: ақпараттық материалдарды қалыптастыру, алу және жаздырып алу.

·         Бірыңғай электронды ресурс және қашықтағы ресурстар жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

   Семинарға «ProQuest», «EBSKO», ВИНИТИ компанияларының,  Шығыс және Орталық Еуропа баспаларының (Brill, Continuum т.б.), «Машиностроение» және «Наука» ресейлік баспалары, ірі қазақстандық баспалар  өкілдері қатысады.

  Семинар аясында жетекші ресейлік және әлемдік ақпараттық орталықтары мен  баспаларының тұсаукесерлері өткізіледі, Еуропа баспаларының дерек қорларына тестілік қолжеткізуге мүмкіндік беріледі.

    Жұмыс тілдері – қазақша, орысша.

   Семинарға қатысушылар: республикалық, облыстық кітапханалар, отандық, ресейлік және әлемдік баспалар, ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасы  және өкілетті органдардың өкілдері.

    Жолсапар шығындары қатысушылар есебінен.

    Қонақ үйден орын бекіту, семинарға қатысушыларды күтіп алу өз уақытында тапсырыс берген жағдайда қамтамасыз етіледі.

   Семинарға қатысатыныңыз жайында 2012 жылдың 27 тамызына дейін хабарлауыңызды немесе ҚР Ұлттық кітапханасы сайтында www.nlrk.kz тіркелуіңізді сұраймыз.

   Өткізілетін жері: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

                                010000, Астана қ., Достық к-сі, 11 

Байланыс:    e-mail: org@nlrk.kz                koshtaeva@nlrk.kz    

                     тел: +7 (727) 267-28-79

Тіркеу

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование