KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888032
2019 жылы:  21747
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.06.2012

   Әлем әдебиеті бөлімінде француз философы, жазушысы және композиторы Жан-Жак Руссоның 300 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды.

Жан-Жак Руссо (Jean-Jacques Rousseau) (28.06.1712, Женева – 02.07.1778, Эрменонвиль, Париж маңы) – француз философ-ағартушысы, жазушысы және композиторы. Көптеген кәсіпті ауыстырып (малай, көшіруші, гувернер, музыка пәнінің мұғалімі және т.б.), 1741 жылға дейін Швейцарияда тұрып, кейіннен Парижге көшкен. 1743-44 жж. Венециядағы Француз елінің елшілігінде хатшы қызметін атқарған. Парижде Дени Дидро және басқа ағартушылармен тіл табысып, энциклопедия жұмысына қатысқан, музыка мәселелері бойынша көптеген мақалалар жазған. 1762 жылы «Эмиль» атты педагогикалық романы және «Қоғамдық шарт» саяси трактаты жарық көргеннен кейін тұтқындалудан аман қалу үшін Франциядан қашып кетеді. 1770 жылы ол Парижге қайтып келіп ноталарды көшірумен айналысты. Өмірінің соңғы жылдарын Эрменонвильде өткізді.

   Жан-жак Руссо – Қайта өрлеу дәуірінің соңғы және төңкеріс кезеңіндегі француз сентиментализмінің ең ықпалды өкілі. Руссоның әлеуметтік-философиялық көзқарастары оның трактаттарында орын алған. «Ғылым мен өнер жайындағы пайымдаулар» (1750 ж.) еңбегінде сол кездегі халықты аяусыз пайдалану мен теңсіздікке негізделген мәдениетті сынайды. Осы идеялар «Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы мен негіздері жөніндегі пайымдаулар» (1755 ж.) трактатында жалғасын табады. «Қоғамдық шарт» (1762 ж.) трактатында ол табиғатқа жақын тамаша қоғамды сипаттайды. Руссоның педагогикалық көзқарастары «Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762 ж.) кітабында айқын көрсетілді. Руссоның көркем шығармашылығы жанры әр түрлі тұрғысынан: өлеңдер, поэмалар, сықақтар («Нарцисс» (1733 ж.), «Әскери тұтқындар» (1743 ж.) және т.б.); өзі либреттосы мен музыкасын жазған опералары («Ауыл жады» (1752 ж.)); бір актілі лирикалық қойылым («Пигмалион» (1770 ж.)); романдары («Юлия, немесе Жаңа Элоиза» (1761 ж.) және «Ішкі сырын ашу» (1766-69 жж.)).

   Якобин үстемшілдігі кезінде Руссоның сүйегі Пантеонға әкелініп қайта жерленді.

   Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан француз және орыс тілдерінде 1817-1907 жылдары жарық көрген «Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1817), «Қоғамдық шарт» (1827, 1906, 1907), «Ішкі сырын ашу» (1906) және т.б. басылымдар қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование