KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887944
2019 жылы:  21659
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2012

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалымен Депозитарий ұйымдастырылды. Мақсаты этникааралық және конфессиоаралық қатынастарға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеулер қорын қалыптастыру және әйгілендіру болып табылады.

   Қазақстан халқы Ассамблеясы­ – Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея алғашқы рет 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің жарлығымен құрылды. Алғашқы атауы Қазақстан  халықтарының Ассамблеясы, 2007 жылы Қазақстан халқы  Ассамблеясы болып өзгертілді. 

   Ассамблеяның қызметі ұлтаралық және конфессиоаралық келісімнің сақталуына ықпал ету бағытында, қоғамдағы тұрақтылық, мемлекеттік саяси ұсыныстардың жүргізілуін, Қазақстан аймағында тұрып жатқан көп ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынастарын нығайту, олардың рухани-мәдени жандануына және құқықтық негіздердің сақтала дамуына ықпал ету,  жүргізіліп отырған мемлекеттік ұлттық саясатта алуан түрлі ұлттың мүдделерінің қамтамасыз етілуі.

   Депозитарий Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан,   Қазақстан аймағындағы көп ұлтты халықтардың тарихы мен бүгіні, қоныс аудару үдерісі, оларды жергілікті жерлерге орналастыру, рухани мәдениетінің дамуы, салт-дәстүрлері, өнері, ғылыми еңбектері, сондай-ақ этносаралық және конфессиоаралық қарым-қатынас жөнінде зерттеу материалдарымен таныстырады.

   Көрмеге Г.Бельгер, И.Шухов, И.Щеголихин, Н.Цой, А.Янушкевич, И.Юсупов  және т.б. қазақстандық белгілі жазушылардың шығармалары қойылған.

   Депозитарий кітапхананың екінші қабатында «Қазақстан кітаптары» бөлімінде орналасқан. Анықтама  тел.: 8(727) 272-31-30.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование