KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887887
2019 жылы:  21602
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.07.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» атты кітап көрмесі ашылды.

   Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениеттің жарқын феномені, адамзат тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдары Жерорта теңізінен Қытайға дейін Батыс пен Шығыс аралығындағы сауда байланыстарының дамуына ықпал етті.  Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдени және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

   Қазіргі кезде тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің байтақ жерін икемді пайдаланып, транспорттық көпір болу саясатын жүзеге асыра бастады, яғни Ұлы Жібек жолын қайта түлету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бастаған «Жаңа Жібек Жолы»  ауқымды мега-жобасын бастауға бет алды.  Қазақстан өзінің бұрынғы тарихи рөлін сақтай отырып, Еуропа мен Азияға көпір бола білетіндей Орталық Азияның ірі іскерлік және көліктік хабына айналуы тиіс. "Жаңа Жібек жолы" жобасының бәсекеге қабілеттілігі негізгі тұжырымдарға арқа сүйейтін болады. Олар - жылдамдық, қызмет, баға, сақтау және тұрақтылық.  Қазақстан өз территориясы арқылы тауар тасымалдағандарға осыған кепіл болады. Жаңа Жібек жолы Еуропа  және Азия мемлекетаралық аймақтың елдеріне пайда әкелетіндей сауда және транзиттік байланыстың жетілдірілген ірі бір желісіне айналуы тиіс.

   «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» кітап көрмесі кең ауқымды 2 бөлімнен тұрады.

   «Ұлы Жібек жолы» бөлімінде - Шығыстың ұлы ойшылдары және философтары Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи және т.б. туралы, Ұлы жібек жолының тарихы, Қытай, Үндістан, Византия, Түркия, Сирия, Иран,  Пәкістан, Қазақстан және Орта Азия мен Орталық Азия мемлекеттерінің Ұлы Жібек жолындағы қалаларының (Отрар, Сығанақ,Тараз, Суяб, Құлан, Мерке, Испиджаб, Сайрам, Бухара, Самарқанд, Ташкент) мәдениеті мен өнері, тарихы, сауда кәсіптері, жалпы экономикасының дамуы туралы басылымдар ұсынылған.

   «Қазақстан - Еуропа - Азия: еліміздің экономикасын жаңғырту жобалары» атты бөлімде «Жаңа Жібек жолы» жобасы туралы, 2010-2014 жж. бағдарламалар, мемлекеттік  интеллектуалды экономикасының технологиялық жаңғыруы, Қазақстан экономикасын модернизациялау, сыртқы сауда саясаты, Қазақстанда инвесторлардың үлесі туралы әдебиет­тер ұсынылған. Қазақстан және оның сыртқы экономикасы туралы мерзімді басылымдар, сыртқы саясат және дүниежүзілік сауда ұйымы, Қазақстан экономикасын модернизациялау  жобалары туралы басылымдар қойылған: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Жезқазған - Бейнеу», «Теңіз-Шевройл», «Бизнес-жол картасы - 2020» бағдарламасы, Қарашығанақ газ өңдеу зауыты, «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырын жасау жобасы және т.б. экономиканы дамыту жолындағы жобалар туралы басылымдары ұсынылған.

   Кітап  көрмесін көруге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование