KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887934
2019 жылы:  21649
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.07.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстанның көрнекті ғалымы, химия  ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ерден Нығметұлы Әзірбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ерден Нығметұлы Әзірбаев 1912 жылы Батыс Қазақстан облысында туылған.1933жылы Н.Г.Чернышевский атындағы  Саратов университетінің химия факультетін бітіріп, еңбек жолын 1933-1934 жылдары  Саратов крекинг заводында инженер-химик болып бастаған.

   1934-1935 жылдары Орал педагогикалық институтының оқытушысы, химия кафедрасының  меңгерушісі,  1935-1937 жылдары С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы болды. 1937-1940 жылдары А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1940-1952 жылдарды С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің  доценті, кафедра меңгерушісі, химия факультетінің деканы, 1953-1954 жылдары Семей мемлекеттік медициналық институтының химия кафедрасының меңгерушісі, 1954-1958 жылдары химия ғылымдары институтының  лабораториясында  бөлім меңгерушісі, 1958-1964 жылдары Қарағанды қаласының Қазақ ССР ҒА  Химия-металлургия институтының директоры, 1964-1975 жылдары  Химия институтында  гербицидтер синтезі зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.                                                                                   

   Негізгі ғылыми еңбектері көмір,  мұнай, ацетилен, органикалық қосылыстар активті заттар химиясына,  нәзік органикалық қосылыстар синтезіне арналған. Е.Н.Әзірбаев  органикалық синтез саласында ацетиленнің жаңа туындыларын және оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада   ісікке  қарсы қолданылатын «Глиофен», ауыл шаруашылығында өсімдік өсуін тездететін «Акпионал», «Фоспинол» препараттарын тапты. Е.Н.Әзірбаев бірнеше монография, 470-ке жуық ғылыми мақала жазып, 81 авторлық куәлік алған. 65 кандидаттық диссертацияның қорғалуына жетекшілік жасаған.Е.Н.Әзірбаевтің 40 жылдық ғылыми және педагогикалық қызметі Қазақстанда химия ғылымы мен өндірісін дамытуға арналды.

   1945 жылы  Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» орденімен, 1946жылы «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы үздік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», 1970жылы «Үздік еңбегі үшін  В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне орай» медалдарымен марапатталды. 1969 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы  Ерден Нығметұлы Әзірбаевқа Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген  ғылым қайраткері құрметті атағы берілді.         

   Кітап көрмесі жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Көрмеге Ерден Нығметұлы Әзірбаевтің : «Химия регулирует рост растений» (1966), «Олово- и Свинец-органические мономеры и полимеры» (1968), «Химия в наши дни» (1972), «Органические соединения олова и свинца» (1972), «Синтезы на основе нефтяных углеводородов» (1974), «Химия производных ацетилена» (1976) атты еңбектері және  мақалалары қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование