KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887901
2019 жылы:  21616
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.07.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде белгілі энтомолог, биология  ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі  Павел Иустинович Мариковскийдің 100 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Павел Иустинович Мариковский 1912 жылы Хабаровск өлкесінің  Вяземская кентінде туған. 1936 жылы Қиыр  Шығыс  медициналық институтын бітіріп, 1936-1939 жылдары осы  институттың «жалпы биология» кафедрасында оқытушы, кейін  ҚСРО ҒА-ның Қиыр Шығыс филиалында энтомолог, Хабаровск станциясындағы Сібір мен Қиыр Шығыс аймағына қарасты  Иркутскінің обаға қарсы институтында кіші ғылыми қызметкер   болып қызмет атқарды. 1939-1941 жылдары П.И.Мариковский Өзбекстанға қоныс аударып, Өзбек КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және санитария ғылыми зерттеу институтында қызмет атқарды.

   1941-1946 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылы Қазақстанға қоныс ударып, ұзақ жылдар Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында зертханашы-энтомолог және зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

   Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері энтомология саласына арналған. 160-қа жуық ғылыми еңбектері, 50-ге жуық ғылыми-танымдық және көркем шығармалары жарияланған.

   КСРО-ның «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Жапониядағы жеңісі үшін» медалімен, Жоғары Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған.

  Көрмеде Павел Иустинович Мариковскийдің: «Маленькие труженники леса» (1969), «Маленькие труженники пустыни» (1974), «Муравьи пустынь Семиречья», «Юному энтомологу» (1979), «Насекомые вокруг нас» (1986)  және т.б. еңбектері  мен шығармалары қойылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование