KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887951
2019 жылы:  21666
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.08.2012

   «Әлем әдебиеті» бөлімінде орыс филологы, түрколог, этнограф,  археолог, Санкт-Петербург Ғылым академиясының академигі Василий  Васильевич Радловтың 175 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) 1837 жылы Берлинде дүниеге келген. 1858 жылы Берлин университетін тәмамдаған. Осы тұста ол араб, парсы, түркі, татар, моңғол, манчжур, қытай  т.б. тілдерді оқып-үйренді.

   В.В.Радлов Орталық және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі, әрі оның басшысы болды (1903-1918).  В.В.Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді: Алтай, Қазан, Петербург.

  1859-1871 жж. ғалым Батыс Сібір, Қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты. 1860-1870 жж. Алтай, Сібір, Қазақстан және Орта Азияға этнографиялық экспедицияларға қатысып, түркі халқының археологиясын, тілін, фольклоры  мен этнографиясы жайлы мағлұматтар жинақтады. 1891 жылы Ресей Ғылым академиясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 1885-1890 жж. Ғылым академиясының Азиялық  мұражайын, 1894-1918 жж. Антропология және этнография мұражайын басқарған.

   В.В.Радлов Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің негізін салушы ғалым. 1898 жылы (Орталық Азияда), Тұрпан экспедициясын ұйымдастырдып, көне түркі жазбаларын аударды. Алғашқылардың бірі болып Д.А.Клеменцпен бірлесіп, табылған көне ұйғыр жазбаларының тарихын зерттеді, әрі оның тілінің грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты.

   1871-1884 жж. В.В.Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» және «Сібірден» (неміс тілінде) атты екі еңбегі, 1884-1918 жж. «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі» атты көп томдығы жарық көрді.

   Көрмеге кітапхана қорынан автордың әлем тілдерінде 1866-1925 жылдары  жарық көрген құнды еңбектері және ол туралы әдебиеттер: «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы», «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері», «Сравнительная грамматика северных тюркских языков» (1882), «Древнетюркские надписи Монголии» (1894-1895), «Опыт словаря тюркских наречий» (1882-1909), «Опыт словаря тюркских наречий» (1900-1911), «Ко дню 80-летия академика Василия Васильевича Радлова (1837-1917);   (1917-1925),  «Suvarnaprabhasa» (Сутра золотого блеска)  (1913-1914) және т.б. басылымдар қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование