KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065404
2019 жылы:  130939
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.08.2012

   Кітапхананың көрме залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған кең ауқымды «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты безендірілген кітап көрмесі ашылды.

   Қазақстан  Республикасының Конституциясы –  Қазақстан халқының еркіндігін, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуға ұмтылысын, басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігін  бейнелейтін елдің негізгі Ата заңы. Ең бастысы, Конституция  Қазақстан халқына  – таңдау құқын берді.

   Қазақстанның Конституция күніне арналған көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан 100-ге жуық басылымдар қойылған. Көрмеде Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы», қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы; мемлекет тарихы мен құқығы туралы әдебиеттер ұсынылған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған «Қазақтың ата заңдары» құжаттар мен материалдардың жинағына, танымал заңгер, отандық заң ғылымының дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан зиялы тұлға Сұлтан Сартаевтың басылымдарына ерекше орын берілген. Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, ұйғыр және тағы басқа тілдерде басылған Қазақстан Республикасының Конституциясы қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование