KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887980
2019 жылы:  21695
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.07.2012

   2012 жылдың 20 шілдесінде Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:  Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды. Мемлекет басшысы белгілеген нақты кадамдар мен тапсырмалар, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың стратегиялық іс-қимылдарын айқын көрсетті.

   Мақалада берілген қоғамды әлеуметтік жаңғырту үдерістері мен  негізгі қағидаттарына, берілген тапсырмаларына ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының орынбасары А.Х. Юсупова кеңінен тоқталып өтті.

   Талқылау барысында қоғамды әлеуметтік жаңғыртуда интеллектуалдық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтудың, «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» Заң жобасын әзірлеудің, мәдениет саласындағы жұмыстардың жаңа сапамен айшықталуының кітапхана ісі саласын дамытуға қомақты үлес қосатыны айтылды.

   Аталған бағдарламалық құжаттағы оң бастамаларды қолдай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы алдағы уақытта төменде көрсетілген мақсаттарды іске асыруға күш салады.

   - «Қазақстан қітаптары» қорын сандық түрге көшіру арқылы ұлттық кітап қорының  электрондық үлгісін қалыптастыру;

   - «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы»  Заң жобасына ұсыныс дайындау;

   -  Қазақстан кітапханаларында бұқаралық іс-шаралар өткізудің моделін дайындау;

   - әдебиеттің озық үлгілерін насихаттау арқылы жастарды кәсіби техникалық білім алу саласына бейімдеу, сол арқылы еліміздегі индустриаландыру бағдарламасына атсалысу.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование