KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887926
2019 жылы:  21641
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.08.2012

    6 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының әкімшілігінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры,  аты аңызға айналған әскери ұшқыш-штурмовик, авиацияның генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжіребелік конференциясы аясында «Талғат Бигелдинов - 90 жас» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастыр­ды. 

    Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Т. Бигелдиновтің өмірі мен қызметіне ар­налған 100-ден аса кітаптар, Т. Бигелдиновтің еңбектері мен батырдың ерлігі туралы көптеген басылымдар ұсынылды.

   Көрмемен конференция қатысушылары: Қазақстан Республикасы Парла­ментінің депутаты, генерал-лейтенант, «Халық қаһарманы» Б.Е.Ертаев, Алматы қаласының әкімінің орынбасары С.Т.Сейдуманов, Алматы қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Е.М.Шайхутдинов, Қазақстан Республикасының авиация генералдары, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының өкілдері, Ұлы Отан соғыс ардагерлері, жазушылар және  қоғам қайраткерлері  танысты.

                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование