KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887946
2019 жылы:  21661
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.08.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде аты аңызға айналған ұшқыш-штурмовик,  екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат  Бигелдиновтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалақ ауылында туылған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1940 жылы Фрунзедегі авиаклуб мектебінде, 1940-42 жылдары  Саратов және Чкалов әскери-авиациалық училищелерінде  оқыған. Өзінің бірінші әскери шабуылын 1943 жылы 17 ақпанда жасады.

   Талғат Бигелдинов - 144 гвардиялық шабуылшы авиация полкінің эскадриль командирінің орынбасары, Калинин, Воронеж, Далалық, 1-ші және 2-ші Украина майдандарында шайқасты. Украина мен Польшаны азат етуде, Бреслау мен Берлинді алуда ерен ерлігімен көзге түсті.

   Т.Бигелдинов 2 жылдың ішінде  305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың көптеген зеңбіректері мен танктерін, жаяу әскерінің көзін жойды, әуе шайқастарында фашистің 7 самолетін атып түсіріп, бірнеше авиатұрақтарының күлін көкке ұшырды.

   Соғыстан кейін Әскери әуе күштері академиясын (1950), Мәскеу  инженер-құрылыс институтын (1968) бітірді. 1956 жылы әскери қызметтен босап, 1957-1970 жылдары   Қазақстан территориалдық азаматтық авиациясы басқармасында аға инспектор және бастықтың  орынбасары,  ұзақ уақыт Қазақ КСР-інің  құрылыс саласында басшылық қызметтер атқарды.

   КСРО-ның Ленин ордені, 2 рет Қызыл Ту ордені, 1-ші- және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Александр Невский,  Қызыл Жұлдыз және 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. Т.Бигелдиновтың  балалық шағы өткен Бішкек қаласында Батырдың қоладан жасалған ескерткіш-мүсіні орнатылған.

   Кітап көрмесінде Т.Бигелдиновтың әскери өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер, оның еңбектері ұсынылған, соның ішінде Батырдың ерлігі жайлы: «Аспандағы айқастар» (1963), «ИЛы атакуют» (1966), С.Морозов. «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов» (Москва, 1948), С.Бакбергенов. «Талғат» (1950), «Талғат Бегельдинов» (1965),  «Отан үшін от кешкен» (1985), А.Сергеев. «Звездное небо Талгата» (1997), А.Н. Бедельбаев «Тринадцатый, на взлет» . – 1-2 т. Повесть о Бегельдинове Т.Я. ( 2004), К.Абенов. «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя»  (2008), Б.Омарұлы. «Жүректiң көзi» (2011)  және т.б. кітаптар бар.

   Кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование