KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887927
2019 жылы:  21642
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.08.2012

   Ү.ж. 8 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына белгілі  мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Қорқыт Ата мұраларын ғылыми-зерттеу орталығының  төрағасы Мырзатай Жолдасбеков келді.

   М. Жолдасбеков  «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» атты кітап көрмесімен танысып өтті.

   М. Жолдасбеков ҚР Ұлттық кітапхана қорына «Күлтегін» баспасынан жарық көрген 7-томдық басылымды сыйға тартты. «Асыл арналар», «Тәуелсіздік тағылымы», «Кісілік кітабы», «Асылдарым», «Күндерімнің куәсі» (1-2 кітап), «Шіркін, дәурен», «Мың жылдық жолау­шы», атты 8 кітаптан тұратын басылымда автордың зерттеулері, мақалалары, сұхбаттары, эсселері, тебіреністері, ойлары, әндері, сценарийлері мен М. Жолдасбеков еңбектерінің «Өткен күнде белгі бар» атты библиографиялық көрсеткіші енгізілген. Сондай-ақ, М.Жолдасбеков өзі жазған және оған арнаған өлеңдер жинақталған «Дүние-шіркін» атты СD-ROM-ды сыйға берді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование