KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887954
2019 жылы:  21669
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.08.2012

   2012 жылдың 23 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына Польша елінің танымал лингвисі, профессор, шығыстанушы, түркітанушы Генрик Янковский (Henryk Jankowski) іс-сапармен келді.

   Іс-сапардың мақсаты – кітапханаға шығыс түркі тілінде жазылған «Шах-наме» қолжазбасын зерттеуге және сараптама жүргізуге көмек көрсету. «Шах-наме» қолжазбасын 2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ЮНЕСКО бағдарламасы бойынша «Әлем жады» халықаралық тізіміне ұсынды.

   Генрик Янковский 1980 жылы Будапешт (Венгрия) қаласында булгартану және венгерлік түркітану мамандығына қатысты кәсіби жұмысты қорғап, бакалавр дәрежесін алған. 1986 жылы жалпы тіл білімі және орал-алтай лингвистикасы бойынша ғылым кандидаты дәрежесін иеленген.

   1991-1993 жылдары Будапешт университетінде сабақ берген. Қазіргі таңда Генрик Янковский Познань қаласындағы (Польша) Адам Мицкевич атындағы университеттің ғылыми қызметкері, түркітану, моңголтану және корейтану бөлімін басқарады. Профессор Янковский Польша Ғылым академиясының мүшесі, сонымен қатар Польша шығыстану қоғамының вице-президенті қызметін атқарды.

   Зерттеу тақырыбы – түркі тілдері (жеке алғанда, қырым-татар, караим және қазақ тілдері) және олардың басқа әлем тілдерімен байланыстары. Ол түркі халықтарының тілі мен мәдениеті туралы көптеген мақалалардың авторы.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование