KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887892
2019 жылы:  21607
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.09.2012

   2012 жылы 5 қыркүйек сағ.15-00.  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Кештің модераторы – Алматы экономика және статистика академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләш Қайранасырқызы Оңалбаева жүргізді.

    Кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Рәш, белгілі жазушы, «Қазақ» газетінің Бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Марфуға Айтхожина, сыншы, «Сын» журналының Бас редакторы Бахыт Сарбалаев, ақын Аманхан Әлімұлы, қызы Сақыпжамал Мәуленова С.Мәуленов туралы қызықты естеліктер, әсерлі әңгімелер айтты. Ж.Елебеков атындағы       эстрада –цирк колледжінің студенттері С.Мауленовтің  өлеңдерін оқыды.

   Кеш аясында «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығына арналып безендірілген кітап көрмесі қойылды.

   Еске алу кешіне С.Мәуленовтің отбасы, ғалымдар, Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, әдеби-шығармашылық  ұйымдар, ЖОО студенттері, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

   Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Әдебиет шебері С. Мәуленовтің шығармашылық жолы 30-шы жылдардың екінші жар­тысынан бастау алады. Оқырмандар ақынның поэтикалық талпынысымен танысып, қазақ сөз өнерінің қабілетті жас дарынымен толысқанын алғашқы өлеңдерінен-ақ байқады. 1941 жылы С.Мәуленов майданға шақырылып,  майданда атқыштар ротасы командирінің орынбасары, кейінірек саяси жетекшісі болды. Ленинград қоршауын бұзып шығу кезінде ауыр жараланды. Соғыс жылдарынан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының редакторы қызметін атқарды. Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етіп, орыс әдебиетінің классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, М.В.Ломоносов, Н.А.Некрасов, В.В.Маяковский және бауырлас республи­калардың, шетел әдебиетінің классиктері Дж.Г.Байрон, Пьер-Жан Беранже, Перси Биши Шелли, Р.Бернс т.б. бірқатар көрнекті ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. С.Мәуленов  балалар әдебиетіне үлес қосып, балаларға арналған бірқатар кітаптар жазған. Әр жылдары жазылған публицистикалық мақалалары жинақталған екі кітабын жарыққа шығарды. Ақынның шығармашылығында жауынгер-ақынның, азамат-ақынның, лирик-ақынның ұстанымы айқын көрінеді. С.Мәуленов Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «1-дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, А.А.Фадеев атындағы медальмен марапатталған. Ақын есімі Алматы, Астана, Қостанай, Арқалық, Қызылорда қалаларында көше аттарына, 3 мектепке берілген.

                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование