KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064950
2019 жылы:  130485
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.09.2012

   2012 жылы 14 қыркүйек сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының атсалысуымен ұйымдастырылған Депозитарийдің ашылу салтанаты өтті.

   Депозитарийдің  тұсау кесерін ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б. Оспанова ашты.

   Шара барысында Алматы қаласының Тіл дамыту, мұрағат және құжаттану басқармасының бастығы М.К.Ахетов, «Простор» журналының мәдениет бөлімінің меңгерушісі Л.К. Шашкова,  Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы А.М. Карапетян және басқалар сөз сөйлеп, Қазақстан азаматтары мен оқырмандарын Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийінің ашылуымен құттықтады. Ол қордың этностардың қазіргі өмірі мен тарихын білуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуы туралы, Қазақстан аумағында тұрып жатқан көп ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынастарын нығайту жөнінде өз пікір-ұсыныстарымен алмасты.

  Депозитарийдің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімшілігінің,  Философия, саясаттану және дінтану институтының өкілдері, Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, ЖОО студенттері,  ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары және  БАҚ қатысты.

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапхананың Үлкен залында белгілі қазақстандық орындаушылар мен Алматы қаласының ұлттық мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті.

                                       

 

                                      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование