«Әлем әдебиеті» бөлімінде Орта Азиялық ғұлама ғалым, энциклопедиялық білімді дәрігер, пәлсапашы, астроном, жаратылыс зерттеуші және медицина ғылымының негізін салушы Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах Ибн Синаның (Авиценна). «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінің 1000-жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдоллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина 980 жылы Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Ортағасырлық ғалым, пәлсапашы, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген. Түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері-«Дауа кітабы» («Іұтқару кітабының» қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы» (парсы тілінде, «Даныш-намэ»). Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытқан. Әбу Әли ибн Синаның философияға және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар-материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау өлеңдерінің өзіндік белгілері-афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылған. Әбу Әли ибн Сина шығармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды, жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы,қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды. Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы-«Дәрігерлік ғылымның каноны» («Китаб әл-канун фи-т-тибб»), бұл-көлемі 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Араб тіліне сан рет көшірілді. Латынша аудармасы XII ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Әли ибн Сина осы кітап арқылы V-VI ғасырда медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы. «Медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген ұлы есімге ие болды. Өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан автордың еңбектері және ол туралы әдебиеттер, әлем тілдерінде 1941-2010 жылдары жарық көрген: «Дәрігерлік ғылымның каноны», («Китаб әл-канун фи-т-тибб»), «Живой, сын Бодрствующего», «Послание о птице», «Книга исцеления», «Книга указаний и наставлений», Терновский В.Н. «Ибн Сина (Авиценна)», «Саламан мен Абсал», «Данишнамасы» және т.б.қойылған.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді Ибн Синаның еңбектері мен шығармашылығына байланысты кітап көрмесіне шақырамыз!!! |