KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887935
2019 жылы:  21650
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.09.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде  Қазақстанның мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, соғыс ардагері, экономика ғылымының кандидаты,   Асанбай Асқаровтың туғанына 90 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Асанбай  Асқарұлы  Асқаров  1922  жылы  Жамбыл  облысында туылған.  1939  жылы  Фрунзе   қаласындағы  (қазіргі Бішкек қаласы) педагогикалық   училищені   бітірген.  Еңбек  жолын  мектепте  орыс тілі  пәнінің  мұғалімі  болып  бастады.

   1942  жылы  Қызыл  Армия  қатарына  шақырылды.  Ұлы  Отан соғысына қатысқан, полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (1946), Жамбыл облыстық  комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық  Компартиясының бюро мүшесі болған. 1954-1985 жылдар аралығында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінде жетекші қызметтер атқарды.

   Ұзақ жылдар бойы  Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі және ҚазақССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі болды.

   1965-1978  жылдары  Алматы  облыстық     партия   комитетінің  бірінші   хатшысы. Сол уақыттарда республика астанасы өзінің мәдени және сәулет өнері бейнесіне ие болды. Ол басшылық еткен кезде Алматы маңындағы Күрті, Қапшағай аймақтарында Ақдала және Шеңгелді тың жерлерін игеру басталды.

   1978 жылы көктемде А.Асқаров Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Осы кезде   Шымкент қаласының орталығын безендірген   көпқабатты сәнді үйлер, ТЭЦ-3  салынды.

   А.Асқаров Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қомақты үлес қосты. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы қордың президенті, Шымкент (1994) және Тараз қалаларының Құрметті азаматы (1996), Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2001).

   Асанбай Асқарұлына КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Социалистік   Еңбек   Ері  атағы (1982) берілді. 5 рет Ленин Орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен, Құрмет грамоталарымен, басқа да мемлекеттік сыйлықтармен  марапатталды.

   А.Асқаров - әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық салалары бойынша көптеген еңбектер мен мақалалардың авторы.

  Кітап көрмесінде Асанбай Асқаровтың өмірі мен еңбек жолына қатысты материалдар және оның еңбектері ұсынылды: Қазақ Совет энциклопедиясы (1975), Қазақстан. Ұлттық энциклопедия (2004), Халық перзенті (2002). Еңбектері: «Тағдыр: әлем, ел, кең байтақ Қазақстан өлкелері, өмірінен көрген-білген, бастан кешірген хикаялары» (1992),  «Жұмақ пен тозақ жырлары: өлеңдер, толғаулар мен поэма» (1992),  «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998), «Мен еліммен   біргемін...» (2003),  Тағдыр – Судьба (2007),  Көзқарас – Взгляд (2007).

   Кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование