KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887894
2019 жылы:  21609
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.09.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, «Әлем жады» Ұлттық комитетінің төрайымы, Еуразия кітапханалық Ассамблеясының вице-президенті Балабекова Г.К. Түркісой мүшелерінің ЮНЕСКО істері жөніндегі Комитеттері мен Ұлттық Комиссияларының Үшінші кеңесінің жұмысына қатысып қайтты. 

    Кеңес  «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өтті және ТҮРКІСОЙ мүшелерінің ЮНЕСКО істері жөніндегі Комитеттері мен Ұлттық Комссиясларының ынтымақтастығын және осы ұйымдардың  қызметтерін  барлық бағыттар бойынша нығайтуға бағытталды.

   Кеңеске ТҮРКІСОЙ құрамындағы 14 мемлекет және автономиялық өңірлердің өкілдері, сондай-ақ, Ресей, ТҮРКІСОЙ, ЮНЕСКО-ның Түркілік кеңесі және  аймақтық кеңселерінің басшылары қатысты.

   Кеңестің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссия-сының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі төрағасы Иманғали Тасмағамбетов, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің Бас хатшысы (Түркі Кеңесі) Халиль Акынджи, ТҮРКІСОЙ-дың  Бас директоры Дүйсен Қасеинов және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік  бюросының басшысы Сергей Лазарев құттықтап сөз сөйледі.

   Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов   өзінің құттықтау сөзінде «түркі елдері мен аймақтардың басшылары тарапынан тарихи, мәдени тілдік кеңістік тұтастығына негізделген саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың болашағына баса назар аударып отыр-ғанына» тоқталып, БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы сессиясы шеңберінде 2013-2022 жылдар аралығында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру онжылдығы деп жариялау туралы  Қазақстандық бастаманы айтып өтті.

    Мәжіліс шеңберінде Қорғалжың қорығына ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін беру жөніндегі ЮНЕСКО-ның арнайы дипломын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Сондай-ақ, мәдени, табиғи және құжаттық мұра нысандарын түгендеу мәселелері талқыланды. Қатысушылармен ТҮРКІСОЙ мүшелерінің ұлттық тізімі барлық бағыттар бойынша жан-жақты талқыланды, сондай-ақ, ЮНЕСКО тізіміне көпұлтты өтініштер тізімін дайындау басымдықтары анықталды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, «Әлем жады» Ұлттық комитетінің төрайымы, Еуразия кітапханалық Ассамблеясының вице-президенті Балабекова Г.К. тең төраға ретінде «Түркі әлемінің құжаттық мұрасына енетін нысандар тізімін қалыптастыру және болашақта ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» құжаттық мұрасының Дүниежүзілік тізіміне ұсынылатын бірлескен көпұлтты өтінішдерді анықтау» тақырыбында өткен секциялық отырысты жүргізді.

   Мәдени бағдарлама барысында «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы шеңберінде «Ұлы дала сазы» дәстүрлі орындаушылық өнердің халықаралық фестивальі, сондай-ақ, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық федерациясының қамқорлығы аясында балалардың сурет көрмесі ұйымдастырылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование