KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887948
2019 жылы:  21663
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.09.2012

   2012 жылы 21 қыркүйек сағ.10.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі,  абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов– жаңа мыңжылдықтағы көзқарас» атты Халықаралық әдеби форум өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы, М.О.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты, «Мұхтар Әуезов»  Қоғамдық қоры.

   Форумның мақсаты:  Форум қазақ әдебиетінің классигі,  абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Әлемге қазіргі Қазақстанның тыныс-тіршілігін, рухани-мәдени өмірін М.О. Әуезовтің шығармалары арқылы жаңа қырынан таныстыру.
  Форум аясында «Әлем таныған Әуезов» атты Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шараны белгілі жазушы, қоғам қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы, белгілі ақын, хореограф-либреттист, сценарист Дүйсенбек Нақыпов жүргізді.

   «Мұхтар Әуезов – жаңа мыңжылдықтағы көзқарас» тақырыбында өткен Халықаралық форумда У.Қалижан «Әуезовке жол» тақырыбында баяндама оқып, Мұхтар Әуезовтің әдеби шығармаларына кеңінен тоқталып, еңбектеріне талдау жасады. 

   Әдеби форумда Қазақстандағы Ресей Федерациясының консулы И.Переверзева ханым, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының Президенті Мұрат Әуезов, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының директоры У.Қалижан, белгілі қоғам қайраткері Ғ.Шалахметов, ақын Б.Қанапиянов,  Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориал­дық мұражайының директоры Д.Қонаев, әдебиетшілер С.Ананьева, Ү.Тәжікенова, Журна­лис­тер одағының мүшесі Ғ.Тәшімбай, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының директоры С.К.Раева, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Онтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының мектеп кітапханашы­лары және БАҚ өкілдері қатысты.

   Форумда Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы, М.О.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты, «Мұхтар Әуезов» қоғамдық қоры бірлесіп 2012 жылдың 21 қыркүйек – 2013 ж. 28 қыркүйек аралығында өткізілетін «МҰХТАР ӘУЕЗОВТІ ОҚИ­МЫЗ» атты Халықаралық акцияның басталғаны туралы салтанатты түрде жариялады.

   Халықаралық акцияның мақсаты -  Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасына әлем елдері  оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби қызметі туралы олардың хабардарлығы мен қызығушылығын арттыру.

                                     

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование