KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887923
2019 жылы:  21638
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.09.2012

   2012 жылы 24 қыркүйек, сағат 15.00-де Әлем әдебиеті бөлімінде 1812 жылғы Отан соғысына 200 жыл толуына арналған салтанатты мереке өтті. Бұл шара Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және Қазақстан Республикасының Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп  ұйымдастырылды.

   Мерекелік шара Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының әртістерінің орындауындағы «Бородино» әдеби композициясымен басталды. Қазақстандағы Ресей Федерациясы консулдығының Бас консулы В.А.Завьялов және консулы И.В.Переверзева, ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының орынбасары А.Х.Юсупова құттықтау сөз сөйледі.

   Бас консул В.А.Завьялов Алматы қаласындағы орта мектеп және гимназия оқушыларының қатысуымен өткізілген «1812 жыл» атты әдеби-тарихи байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әлем әдебиеті және халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі С.В.Ананьева, ҚР Ұлы Отан соғысы және әскери күштерінің ардагерлер комитетінің төрағасы, бірінші дәрежелі капитан  К.О.Жанпейісов өз пікірлерін білдірді.

   Мереке аясында қонақтар және оқырмандар Ұлттық кітапхана қорынан ұйымдастырылған «1812 жылғы Отан соғысына 200 жыл. (Бородино шайқасы)» және «Л.Н.Толстой. «Соғыс және бейбітшілік» романы» атты кітап көрмелерімен танысты.

   Іс-шара барысында Қазақстандағы Ресей Федерациясының Бас консулы Ұлттық кітапханаға жаңа кітаптарды сыйға тартты.

   Мерекеге ЖОО-ның (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматыдағы православ діни семинариясы және т.б.) оқытушылары мен студенттері, оқырмандар, ғылыми мекемелердің және кітапханалардың қызметкерлері қатысты.

    

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование