KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887883
2019 жылы:  21598
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде  Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қырқүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби  қызметкері болып бастаған. 1960-1963 ж. «Социалистік  Қазақстан»  (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде  корреспондент, әдеби қызметкер, 1970-1972ж. «Жалын» альманағының бас редакторы, 1972-1975 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1980 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-1992 ж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,  1992-1994 «Қазақстан» телерадиокомпаниясының төрағасы қызметтерін атқарған. 1995-1999ж. шығармашылықпен айналысты, «Егеменді Қазақстан» газетінің редколлегия алқасының мүшесі болды. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің және Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

   Шерхан Мұртаза – халық жазушысы, Қазақстан және Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,   Жамбыл облысының, Тараз, Астана қалаларының құрметті азаматы.

   Қазақстан Республикасының «Отан» және КСРО-ның «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, ҚазССР­ Жоғары Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

   Кітап көрмесінде Шерхан Мұртазаның көптеген әдеби туындылары: «Табылған теңіз» (1964), «Бұлтсыз күнгі  найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969), «Қара маржан» (1976), «Жүрекке әжім түспейді» (1987), «Жұлдыз көпір» (1991), «Қызыл жебе» (1994), «Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002), 6 томдық шығармалар жинағы (2002), «Соғыстың соңғы жесірі» (2003), «Бойтұмар» (2006), «Бір кем дүние» (2008) және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование