KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065043
2019 жылы:  130578
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.10.2012

   2012 жылы 3 қазан, сағ.12.00-де Үлкен залда қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі, қазақтың музыкалық өнері­нің, ұлттық биінің негізін қалаушы, алғашқы драмалық актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, ұстаз Шара Жиенқұлованың 100 жылды­ғына орай музыкалық кеш өтті.

    Кеш Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастыры­лды.

   Кешке қатысушыларға кітапхана қорынан Жиенқұлованың өмірі мен шығармашы­лығына арналған «Қазақ биінің падишасы» атты көркемделген кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, 2012 жылы Ұлттық кітапханада дайындалған «Шара Жиенқұлова (1912-1991)» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

   Кеш барысында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Шәрбану Құмарова, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясының президенті С.А. Жиенқұлов, Шара Жиенқұлованың шәкірті, ұстаз К.Н. Бейсенова, Шара Жиенқұлованың туысы К.Ш. Диярова өз естеліктерімен бөлісті.

   Кеш соңында Үнді классикалық би орталығының директоры А.Қайназарова, А.Селезнев атындағы хореография училищесінің оқушылары Т.Қожаева, И.Гайратов, Т.Кан, М.Әуезов атындағы драма театрының әртісі, әнші Үсіпхан Сейтімет, П.И.Чайковский атындағы музыка колледжінің студенті А.Жаңабаев өз өнерлерін ортаға салды.

   Іс-шараға  Шара Жиенқұлованың туыстары, шәкірттері, өнер адамдары, студенттер, Алматы қаласы кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. 

                                 

                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование