KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887969
2019 жылы:  21684
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.10.2012

Назар аударыңыз!  2012 жылдың 21 қыркүйегінен 2013 жылдың 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтетін «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияға  қатысуға шақырамыз.

«МҰХТАР ӘУЕЗОВТІ ОҚИМЫЗ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ

21 қыркүйек 2012 жыл -28 қыркүйек 2013 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

   ҚР Ұлттық кітапханасы «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның өткізілетіні туралы  хабарлайды.

   Іс-шара қазақ әдебиетінің классигі,  абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  туғанына 115 жыл толуына арналады. 

    Халықаралық акцияның мақсаты -  Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы­на әлем елдері оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби шығарма­шылығымен таныстыру және қызығушылығын арттыру.

    Акция 2012 жылдың 21 қыркүйегінен 2013 жылдың 28 қыркүйегіне дейінгі аралықта өткізіледі. 

    2012 жылы 21 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында «Мұхтар Әуезов - жаңа мыңжыл­дыққа қөзқарас» атты халықаралық әдеби форум аясында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акциясының ашылу рәсімі өтеді.

   Халықаралық акцияға әлем елдерінің барлық жүйелері мен ведомстволарының кітапханалары Ұйымдастыру комитетіне  ҚР Ұлттық кітапханасының сайтына www.nlrk.kz міндетті түрде тіркеліп, төмендегі мәліметтерді қамтитын өтінішті жіберу арқылы қатыса алады:

   ·      акцияға қатысушылар туралы ақпарат;

  ·      Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған іс-шаралардың жоспарын (атауы, түрлері, мерзімі) 2012 жылдың 30 қазанына дейін кешіктірмей беру. 

   Өткізілген іс-шаралардың, әдеби кештердің бейнесюжеттерін, репортаждарын, суреттерін, мультимедиялық тұсаукесерлерін, шығармашылық еңбектерін, пікірлерін, сондай-ақ басқа да түрлі ақпараттарды сандық түрде CD, DVD дискілерімен ҚР Ұлттық кітапханасы, 050013, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 мекен-жайы бойынша 2013 жылдың 28 тамызынан кешіктірмей жіберу керек.

   ҚР Ұлттық кітапханасының  сайтында (www.nlrk.kz) «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық іс-шараның күнделігі орналастырылып, байқаудың жобалары мен құжаттары туралы ақпарат беріледі.

   «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акцияның  қорытындысы бойынша «Мұхтар Әуезов»  қоғамдық қоры ең қызықты және сәтті жобаларды естелік сыйлықтармен марапаттайды.

   Байланыстар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы, Абай, 14

                              тел.: 8(727)267-28-79, 267-28-66;

                              факс.: 8(727)267-28-83.

                                  E-mail: org@nlrk.kz («Мұхтар Әуезовті оқимыз» белгісімен)

                                               exhibition@nlrk.

      

Халықаралық акцияның үйлестірушісі - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы­ның бас директорының 1-орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, тел.: 8 (727)267-28-84.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование