KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887925
2019 жылы:  21640
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.10.2012

   2012 жылдың 26-27 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткен «Достастық кітапханалары: ықпалдастық, инновация және барлығына қолжетімділік» тақырыбында   ТМД елдері  кітапханашыларының Форумы – 2012 жыл аясында  «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбында  республикалық семинар  өткізді.

   Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы мән-мәтінінде еліміздің зияткерлік ақпараттық  ресурсының негізі ретінде кітапханалық қорды қалыптастырудың стратегия-сын белгілеу болды.

    Семинарды ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова мен бас директордың 1-ші орынбасары Б.Қ.Оспанова жүргізді.

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Баспа бағдарламалары басқармасының  бастығы Н.С.Тоғызбаев құттықтау сөз сөйледі.

    Семинар бағдарламасында аймақтық индустриялық-иннова-циялық даму және әлеуметтік жаңғырту  жағдайында Қазақстан кітапхана-ларының ақпаратттық ресурстарын қалыптастырудың міндеттерімен қатар, кітап шығарудың жаңашылдықтары мен беталысы, кітап нарығының, кітапхана қорын толықтырудың, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық және жаратылыстану әдебиеттерінің басымдылық қажеттіліктері, кітапханалардың электронды ортадағы болашақ дамуы, бірыңғай электронды ресурстар  құру және қашықтағы желілік ресурстарға кітапханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

     ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаева «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбында түйінді баяндама жасады. Сондай-ақ, John Wiley және Brill әлемдік баспа компанияларының өкілі Джасек Левинсон, «Машиностроение» баспасының менеджері В.Н.Костюк, Ресей Ғылым академиясының Бүкіл-одақтық ғылыми және техникалық ақпарат институты (ВИНИТИ)  дирек-торының орынбары О.В.Кирилова, ҚР Ұлттық кітап палатасы директорының орынбасары К.Е.Байзақова және басқалар баяндамалар жасап, тұсаукесерлер өткізді.  

        Республикалық семинарға қатысушылар қабылдаған қарарда кітапханалар, кітапшығарушылар және кітаптаратушылар күшін біріктіру қажет деп қорытындылай  келе ұсыныстар берді:

● Еуразия кітапханалық Ассамблеясы  базасы негізінде ТМД аумағында ресурстар алмасу мен өзара кітап қорын толықтырудың ұтқыр (мобильді) және экономикалық тиімді жүйесін қалыптастыру жұмыстарын нығайту үшін бірыңғай мемлекетаралық кітап қорын толықтыру орталығын құру;

● Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне ғылыми-техникалық әдебиеттерді басылымға дайындау мәселелері жөнінде ұсыныстар беру;

● Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанынан қашықтағы      Дерекқорларға  жазылу бойынша Үйлестіру орталығын   құру;

● Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуын кітапханалық-ақпа-раттық қамтамасыз етудің 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге  асыруды және әрі қарай жылжытуды қамтамасыз ету;

● Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне  әдебиеттердің әлеуметтік-маңызды түрлерін басып шығару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама тізіміне ғылыми техникалық және жаратылыс-тану саласындағы әдебиеттерді енгізу жөнінде ұсыныс жасау.

Семинар аясында «Алматыкітап», «Фолиант», «Евразия-Пресс» және т.б. қазақстандық баспалардың өнімдеріне көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды. Сондай-ақ, қазіргі түркітану бойынша Халықаралық Түркі академиясында шығарылған кітаптар топтамасы және «Алтайистика и тюркология» журналының тұсаукесері болып өтті. Топтама Қазақстанның ұлттық және облыстық кітапханаларына сыйға тартылатын болады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование