KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887920
2019 жылы:  21635
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.10.2012

    Мерзімді басылымдар бөлімінде  көрнекті ғалым, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, этногенездің пассионарлық теориясының негізін қалаушы, парсы тілінен аудармашы Лев Николаевич Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына орай   «Еуразияшыл Л.Н.Гумилев»  атты көрме ұйымдастырылды.

    Лев Николаевич Гумилев (1912-1992 ж.) – Ресей жаратылыстану ғылыми академиясының академигі, география және тарих ғылымының докторы, пассионар этногенез теориясының негізін салушы, ұлы дала халықтарының тарихын зерттеген маман.

  Л.Н.Гумилев Еуразия көшпелі халықтарының тарихын зерттеуге орасан үлес қосты. 1961 жылы ежелгі Еуразия көшпелілерінің пассионарлығына арналған «Древние тюрки» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихымен тікелей байланысты. «Хунну», «Открытие Хазарии», «Поиски вымышленного царство» монографиялары оның жалпы еңбектеріне арқау болған Еуразия  халықтары тарихының  тұтастығына деген қызығушылығының  тереңдігін көрсетеді.

   1974 жылы географиядан «Этногенез и биосфера Земли»  атты екінші докторлық диссертациясын қорғады. Бірақ Жоғарғы аттестаттау комиссиясы докторлық дәрежесін бекітпеді. Диссертация кейін 1989 жылы монография түрінде жарияланды. Этногенез теориясы бойынша жасалған бұл еңбек  ғылыми ортаға ерекше  революциялық серпін  әкелген ғылыми әдебиеттердің басылу тарихындағы бірегей оқиға болды. Л.Н. Гумилев этногенезді зерттеуде, климат, аралас ландшафт, археологиялық және мәдени дереккөздер геологиясы,  география туралы тарихи мәліметтермен қатар, зерттеудің өзіндік әдістерін ұсынды. Ең бастысы, адамзат өркениеті тарихының қозғаушы күші, батыл ойларды жүзеге асыруға қабілетті күш – пассионарлық түсінігін айқындап берді.

   Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев теориясының элементтерінсіз халықтануды зерттеуді елестету мүмкін емес. Этнос, суперэтнос, субэтнос, этнология, пассионарлық, пассионарлық дүмпу, жақындық/алыстық аберрациясы, антисистема, бос қиял, пассионария, субпассионария, жеке үйлесімділік, көтерілу сатысы, акматикалық кезең, шытынау кезеңі, серпін кезеңі, этногенез қисығы-міне, мұның барлығы да  Гумилевтің қайталанбас мұрасы.

   Л.Н.Гумилев 200-ден астам еңбектердің авторы.

   1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетіне Л.Н.Гумилев есімі берілді. 2002 жылы университет қабырғасында Л.Н.Гумилевтің  кабинет-мұражайы ашылды.

    Көрме  екі бөлімді қамтиды:

І. «Ардақты тұлға – ұлы ғалым»,

ІІ. «Ұлы дала – тарихшысы». Көрменің бірінші бөлімінде  ғалымның  газет-журнал беттерінде жарық көрген сұхбаттары, естеліктері, ал екінші бөлімінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығы, негізгі еңбектері жайлы құжаттар ұсынылған. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование