KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887893
2019 жылы:  21608
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.10.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде  Қазақстан энергетика ғылымының негізін салушы, техника ғылымдарының докторы, академик, Халық Қаhарманы Шөкин Шапық Шөкіұлының 100 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

    Шөкин Шапық Шөкіұлы (1912-2003ж.) 1912 жылы 1 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Омбының С.М. Киров атындағы ауылшаруашылық институтын бітірген.

   Институтты бітіргеннен кейін, 1937-1943 жылдары ҚазКСР  ауыл шаруашылығын электрлендіру жөніндегі республикалық трест мекемесінде аға инженер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    1944 жылдан бастап Ш. Шөкин Қазақ КСР-нің  Ғылым Академиясының (ары қарай ҚазКСР ҒА) құрылуына белсене атсалысып, осы жерде энергетика бөлімін басқарды. Энергетика секторының базасында  Қазақстанда энергетика саласында алғашкы ғылыми мекеме болып табылатын Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастырды. 1944-1963 ж. ҚазКСР ҒА-ның директоры, әрі ғалым-хатшысы қызметін қоса атқарған. 1954-1968 ж.  ҚазКСР ҒА-ның Президум мүшесі болған.

   Ғалымның барлық ірі ғылыми жетістіктері мен Қазақстандағы энергетика саласындағы басты ғылыми жаңалықтары энергетика институтымен тікелей байланысты. Оның Қазақстан, Орта Азия және Сібір өзен-суларын зерттеулері маңызды орын алады. Ол Сібір өзендерін Қазақстан және  Орта Азияға  бұру мәселесін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген және осы мәселе бойынша ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, құнды зерттеулер жүргізген алғашқы ғалымдардың бірі. Ғалымның басшылығымен өзен-суларын бұрудың тиімді сұлбасы ғылыми тұрғыда жасалып, бұрылатын су арналарының негізгі параметрлері  анықталды, әрі «Сібір өзендерінің бөлігін бұру жөніндегі түбегейлі  болжамды сұлбасы» құрастырылды. Ғалым Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесін Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеп, әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ, бірегей Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Сонымен қатар Шүлбі және Семеу ГЭС жобасы құрылысының бастамашысы болды.

   Ш.Шөкин 170-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері энергетиканың маңызды салаларына  (жалпы энергетика, гидроэнергетика,  су шаруашылы-ғының энергетикалық мәселесіне және т.б.) арналған.

    Ш.Шөкин Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» (1945), КСРО ҒА-ның Құрмет грамотасымен (1945), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1971) марапатталған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1972), Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың (1991) иегері, Халық Қаһарманы (1996).

   Кітап көрмесінде Шапық Шөкіұлының өмірі, еңбек жолы туралы материалдар, ғылыми еңбектері: «Расчетная обеспеченность работы гидроэлектростанции» (1958),  «Қазақстан жаппай электрлендіру жолында» (1961), «Основы развития энергетики Казахстана»(1971), «Энергетика и водное хозяйство Казахстана» (1975), «Методика расчёта регулирования стока» (1977), «Ғұмырнамалық  деректі хикаят» (2004) және т.б. әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование