KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887888
2019 жылы:  21603
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.10.2012

   2012 жылы 11 қазан, сағ.11.00-де Көрмелер залында ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының төрағасы Мұратхан Шоқанның «Әлем елдеріндегі қазақ кәсіпкерлері» сериясы бойынша шығарылған «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы.

   Іс-шараны Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ресейдің Есенин атындағы алтын медалінің иегері, қазақтың көрнекті ақыны, «Жұлдыз» журналының бас редакторы   Ұлықбек Есдәулет, «Өмірді қорғау» қорының төрағасы, ақын Мұратхан Шоқан  жүргізді.

   Тұсаукесерде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбаса­ры Талғат Мамашев, «Нұр-Отан» ХДП Алматы қалалық фи­лиалы төрағасы­ның  орынбасары Әділ Несіпбаев, Қытайдан келген қазақ кәсіпкерлері: «Мәйек» импорт-экпорт халықаралық сауда серіктестігінің директоры Ж.Дәулетханқызы, «Шаулин» халықаралық сауда серіктестігінің директоры Ә.Еменжанов, «Алмалы» музыкалық клуб-мейрамханасының директоры Қ.Дәлелханұлы, Үрімжі «Ақбұлақ» сауда серіктестігінің, «Ақбұлақ» қазақи тағам өндіру зауытының директоры Б.Зейнелұлы, отандық кәсіпкерлер: «Институт оксо-биоразлагаемого пластика» ЖШС бас директоры Ұ.Ахметжанов, «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығының басшысы Ж.Зекейұлы, «Өнер» баспасының  бас директоры Ә.Көпішев   және т.б. кәсіпкерлер  шетелдегі қандастарымыз арқылы еліміздің инвестициялық және инновациялық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосуға байланысты көптеген өзекті мәселелер тақырыбында жан-жақты тоқтал­ып, кітап туралы өз пікірлерін  білдірді.

   Тұсаукесерге отандық кәсіпкерлер, Қытайдан келген қазақ кәсіпкерлері, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының мүшелері, республикалық бұқаралық ақпарат құрал­дары, Алматы қаласының кітапханашы­лары мен оқырмандары қатысты.

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

                                         

                                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование