KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887884
2019 жылы:  21599
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.10.2012

   2012 жылы 11 қазан, сағ.15.00-де Үлкен залында  белгілі  мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Қорқыт Ата мұралары бойынша ғылыми-зерттеу орталығының  директоры Мырзатай Жолдасбековтің 75 жылдығына орай «Күлтегін» баспасынан жарық көрген 7 томдық шығармалар жинағының  тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Күлтегін» баспасы.

   Тұсаукесерді  қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин жүргізді.

   Іс-шарада танымал сатирик-жазушы, жыршы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері М.Рәш,  белгілі қоғам қайраткері, жазушы С.Елубай, «Қазақ» газетінің бас редакторы Қ.Сәрсекеев,  ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Б.Жақып, ғалым,  филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы С.Досанов, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік "Ұлт намысы" орденінің иегері  Р.Ниязбеков,  қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтің қызы КСРО, ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Т.Кененқызы, ғалым,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Әбдезұлы және т.б. ақын-жазушылар кітап туралы өз пікірлерін білдірді. Сегіз жасар жас ақын  Ж.Дүйсенов  М.Жолдасбековке өз өлеңдерін арнады. Сонымен қатар белгілі жыршы, әрі қоғам қайраткері Б.Тілеухан, күйші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ж.Жүзбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, әншілер Г. Бөкейханқызы, Г.Сарина, Кенен Әзірбаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы Ж. Даңылбаева, әнші Б.Шағырбаев М.Жолдасбековтің сөзіне жазылған әсем күйлер мен әндерді  шырқады.

  Тұсукесерге белгілі ақын-жазушылар,  баспагерлер, белгілі қоғам қайраткерлері, әде­биеттанушылар, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітап­ханашылары,  оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

  Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды. 

                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование