KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887897
2019 жылы:  21612
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.10.2012

   Әлем әдебиеті бөлімінде  атақты американ жазушысы О.Генридің (Уильям Сидни Портер) 150 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ашылды.

    О.Генри - көрнекті американ жазушысы, прозашы, танымал новеллалардың авторы,  астарлы әзіл мен күтпеген түйіндерді сипаттайтын әңгімелер жанрының, американдық әдебиеттегі «қысқа әңгімелер» жанрының шебері ретінде танымал.

   Уильям Сидни Портер (1862-1910 ж.) 1862 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Гринсборо қаласында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң, фармацевт мамандығын оқыды. 1894 жылы Портер Остинде «Rolling Stones» атты әзіл-оспақ апталық журналын шығара бастады, әрі журналда өзінің әзілдерін, өлеңдері мен суреттерін жариялайды. Мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылып, құқық қорғаушылардан жарты жыл Гондураста, кейін Оңтүстік Америкада тасаланып жүреді. АҚШ-қа  қайта оралғаннан кейін  Огайо штатындағы Колумбус түрмесіне жабылып, 1898-1901 жылдары үш жылға бас бостандығынан айырылады.

   Портер түрмеде отырып, «О.Генри»деген лақап атпен шағын әңгімелер жаза бастады. Алғашқы «Рождественский подарок Дика  Свистуна» атты әңгімесі  1899 жылы «McClure’s Magazine» журналында басылып шықты.

   1902 жылы көктемде О.Генри Нью-Йорк қаласына көшіп келді. 1903 жылдың аяғында «World» деп аталатын «Нью-Йорк» баспасымен апта сайын қысқа әңгімелер беріп отыруға келісім-шартқа отырады, О.Генри жоғары қарқынмен жұмыс жасаумен қатар, басқа да мерзімді басылымдар үшін әңгімелер жазды.

  1904 жылы О Генридің «Патша және қырыққабат» атты  жалғыз романы жарық көрді. Осы басылымнан кейін бірқатар әңгімелер жинағы: «Төрт миллион» (The four million, 1906), «Жанып тұрған шам» (The trimmed Lamp, 1907), «Батыстың жүрегі» (Heart of the West, 1907), «Қала дауысы» (The Voice of the City, 1908), «Игілікті алдамшы» (The Centle Grafter, 1908), «Тағдыр жолы» (Roads of Destiny, 1909 ), «Таңдамалы» (Options, 1909 жылы), «Нақты істер» (Stricrly Business, 1910 ) және «Коловращение» (Whirligigs, 1910) жарыққа шықты.

   О.Генри Нью-Йорк қаласында 1910 жылы 5 маусымда  дүниеден өтті.

   О.Генридің қазасынан кейін сегіз жыл өткенде, 1918 жылы жазушы мұрасына естелік ретінде ең үздік әңгімеге жылсайынғы О.Генри атындағы  әдеби  сыйлық (short story)  тағайындалды. Алғашқы О.Генри сыйлығы 1919 жылы берілді және жыл сайын американдық  және канадалық журналдарға жарияланған  әңгімелердің ең үздік авторларына беріледі. Үздік әңгімелер  «The O.Henry Prize Srories» жинағында жарияланады. Әр жылдарда жеңімпаз аталғандар қатарында Труман Капоте, Уильям Фолкнер, Фланнери О’Коннор, Джон Апдайк, Вуди Аллен, Стивен Кинг және т.б. бар.

  О.Генри әңгімелерінің желісі бойынша, кеңестік «Великий утешитель» (1933), американдық «Вождь краснокожих и другие» (O’Henry’s Full House, 1952) фильмдері, сонымен қатар режиссер Леонид Гайдайдың  «Деловые люди» (1963) трилогиясына енген «Дороги, которые мы выбираем», «Родственные души», «Вождь краснокожих» қысқа метражды фильмдер сияқты бірнеше фильмдер түсірілді.

  О.Генридің өмірден өткенінен кейін жарық көрген «Постскриптумдер» (Postscripts) жинағына жазушының (Хьюстон, 1895-1896 ж) «Poste» Техас штаты газетіне арналып жазылған фельетондары, әзіл-оспақ естеліктері мен олардың нобайлары  енген. О.Генри 300-ден астам әңгіме жазды, оның шығармаларының толық жинағы 18 томды құрайды.

  Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан автордың ағылшын және орыс тілдеріндегі еңбектері: «Рассказы» (1969), «Сочинения в трех томах» (1975), «Selected stories» (1979), «Пурпурное платье» (1990), «Короли и капуста» (1991), т.б. және  мерзімді басылымдарда жарияланған қазақ тіліне аударылған шығармалары ұсынылған.

   Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование