KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887977
2019 жылы:  21692
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.10.2012

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде  қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы Бектұров Жайық Қагенұлының 100 жылдық мерейтойына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Бектұров Жайық Қагенұлы 1912 жылы 15 қазанда Ақмола облысының Қызылағаш ауылында дүниеге келді. 1934 жылы Жоғары коммунистік ауылшаруашылық мектебін, 1955 жылы Казақ мемлекеттік университетін бітірген.

  Ж.Бектұров бес жасынан молдадан  сауат ашып, кейіннен ауылдық мектепке барады. Атбасарда мұғалімдік дәріс алып, 1930-1931 жылдары Қарағанды облысы, Нұра ауданында мұғалім болған.

  1934-1937 жылдары Шымкент облыстық комсомол аппаратында, Қазақ өлкелік, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Мақтаарал аудандарының комсомол ұжымдарында жауапты қызметтер атқарады.

   Ж.Бектұровтың еңбек жолы 1937 жылдан бастап үздіксіз әдеби қызметпен байланысты. 1937-1938 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакторының орынбасары, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде редакторы, кейіннен Қарағанды, Талдықорған қалаларында мектепте мұғалім, облыстық газеттерде қызмет атқарған. 1958 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарды.

   Ж.Бектұровтың алғашқы әдеби сын мақалалары, эсселері, өлеңдері 1928 жылдан баспасөз беттерінде жариялана бастаған. Саяси репрессия және елдегі тоқырау жылдары туралы Бектұров үш бөлімнен тұратын «Таңба» атты роман жазды. Мұнда лагерь өмірінің қатаң да, ауыр жағдайын, ұлттың жойылуына әкеп соқтыратын тоталитарлы рақымсыздықты бейнелейді. Романның жазылу барысы 40-шы жылдардан бастап 1989 жылы аяқталды. Қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Бұхар­­­­-жырау туралы жазған очерктері нағыз таланттың белгісі дерлік.

  Ж. Бектұров қазақ жұртына А.С. Пушкиннің, Ф.М. Достоевскийдің, С.А. Есениннің, Г.Н.Потаниннің және де тағы да басқа орыс әдебиеті мен мәдениетіндегі көрнекті қайраткерлерінің шығармаларына үгіт-насихат жүргізді. Ол көптеген орыс және кеңестік дәуір жазушыларының шығармаларын, сондай-ақ «Робинзон Крузо» (Д.Дефо), «Степан Разин» (А.Чапыгин), сонымен қатар Л.Пантелеевтің, Д.Львовичтің, Ш.Петефидің, Г.Серебрякованың, Я.Гашектің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

  КСРО медальдарымен, ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.   КСРО Журналистер одағының, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.  Әдеби және мәдени өсіп-өркендеуде интернационалды және патриотты еңбекші жастарды тәрбиелеуде қосқан орасан еңбегі үшін 1992 жылы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

  Кітап көрмесінде Жайық Бектұровтың өмірі, еңбек жолы туралы материалдар, әдеби еңбектері: «Ақиқаты осы еді» (1995), «Таңба» (1997, 2011) және әр жылдары Қазақстан мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақалалары, эсселері, өлеңдері ұсынылған.

  Кітап көрмесіне шақырамыз!                                                                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование