KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887947
2019 жылы:  21662
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.10.2012

   2012 жылы 18-қазанда  ҚР Ұлттық кітапханасында Oxford University Press баспасы басылымдарының және «КОНЭК» ЖАҚ  жазылу агенттігінің қызмет бағыты туралы  «Шетелдік баспалардың  дерек қорларындағы ғылыми ақпарат: заманауи нысандар мен жаңа технологиялар» атты тұсаукесер өтті.

   Oxford University Press өкілі Марцин Дембовски «Оксфорд университеті баспасының электрондық ресурстары: әмбебап мазмұн және оңтайлы іздеу. Кітаптар, журналдар, сөздіктер, анықтама ресурстары» тақырыбына тұсаукесер өткізеді. Oxford University Press көне академиялық баспа, әрі халықаралық, университеттік және кітапханалық ортада өте беделді. Қазіргі таңда оксфордтық ғылыми кітаптар мен журналдарды, анықтама және оқу материалдарын әлемнің ірі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, әртүрлі елдер кітапханаларының көптеген оқырмандары пайдаланады. Физиктер, математиктер, аудармашылар, филологтар, лингвистер, тарихшылар – олардың барлығы да өздеріне қажетті ақпараттарды осы баспаның түрлі ресурстарынан таба алады. Авторлары – есімдері әлемдік ғылыми ортаға танымал белгілі ғалымдар. Басылымдар халықаралық білім стандарттарына бағамдалған.

  «КОНЭК» ЖАҚ жазылу агенттігінің электрондық ресурстар бөлімінің жетекшісі Е.А.Еронина «ProQuest электрондық топтамасының әртүрлілігі: жаңа платформа, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына тұсаукесер ұсынады. «КОНЭК» ЖАҚ Ресей және ТМД елдерін шетелдік ғылыми, оқулық және анықтама әдебиеттерінің баспа және электрондық түрлерімен қамтамасыз етуші болып табылады. «КОНЭК» ЖАҚ қызметінің саласы: баспа және электронды мерзімді басылымдарға жазылуды қамтамасыз ету, монография, оқу әдебиеттері, электронды тасымалдағыштардағы басылымдарды жеткізу, шетелдік жетекші баспалар мен компаниялардың электрондық ресурстарына қолжетімділікті  ұйымдастыру.

   Тұсаукесерге ҚР Ұлттық кітапханасының, Алматы қаласы және Алматы облысы кітапханаларының қызметкерлері қатысты.

                                                                                                                                             Бағдарлама

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование