KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887903
2019 жылы:  21618
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.10.2012

   Әлем әдебиеті бөлімінде орыс ғалымы, шығыстанушы, этнограф Лев Николаевич Гумилевтің 100 жыл толуына орай  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Лев Николаевич Гумилев (1912-1992 ж) - кеңестік және орыс ғалымы, тарихшы-этнолог, география және тарих ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінің аудармашысы, этногонездің пассионар теориясының негізін салушы. 1912 жылы 1-ші қазанда Царское селосында дүниеге келген. Ақын Николай  Гумилев пен Анна  Ахматованың ұлы. 1917-1929 жылдары Тверь облысының Бежецк қаласында, 1930 жылдан бастап Ленинград қаласында тұрған. 1930-1934 жылдары Саян, Памир және Қырым экспедицияларында жұмыс істеді. 1934 жылы Ленинград Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1935 жылы оқудан шығарылады, түрмеге қамалып, көп уақыт өтпей босатылады. 1937 жылы Ленинград Мемлекеттік университетіне қайта қабылданады. 1938 жылы қайта түрмеге қамалып, бес жылға бас бостандығынан айырылады. 1939 жылы 21 қыркүйекте Гумилев Норильскідегі 4-ші  лагерь бөліміне жабылды. 1944 жылы күзде өз еркімен Қызыл әскерге кірді. Майданда соғыс тақырыбына өлеңдер жазды. 1945 жылдың 25-ші қыркүйегінде әскерден босатылып, Ленинград Мемлекеттік университетіне қабылданады, 1946 жылдың басында университетті бітіріп, ҚСРО ҒА Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесіне аспирантураға түседі. 1948 жылы тарихтан   «Алғашқы Түркі қағанатының толық саяси тарихы» атты кандидаттық диссертациясын қорғады, ҚСРО халықтарының этнография мұражайына ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданды.

  1949 жылы 7-ші қарашада Ерекше мәжілісте 10 жылға жаза кесіліп, сот үкімімен, Қарағанды маңындағы Шерубай-Нұра, кейін Кемеров облысындағы Саян лагеріне жіберіледі. 1956 жылы 11-ші мамырда қылмысты айғақтардың болмауына байланысты ақталып шығады. 1956 жылдан бастап Эрмитажда кітапханашы болған.

  1961 жылы тарихтан докторлық диссертациясын («Көне түркілер»), 1974 жылы географиядан  докторлық  диссертациясын («Жердің этногенез және биосферасы») қорғады. Бірақ оның география ғылымының екінші дәрежелі докторлығы бекітілмеді,   1963-1988 жылдары Ленинград Мемлекеттік университеті жанындағы География ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарды.

   Лев Николаевич Гумилев – б. з. д. ІІІ ғасырдан бастап біздің заманымыздың ХV ғасырға дейінгі Орталық Азия көшпенділерінің тарихын, тарихи географиясының – сол кездегі сол аймақтың климаты  және жер бетінің өзгерістерін жаңашыл және терең зерттеудің авторы, этногенездің өзіндік теориясының негізін  салушы. Осы өзіндік теориясына ол этникалық тарихына қолданысқа «пассионарлық» деген жаңа параметрін енгізді. Орталық Азия палеография мәселелерінің, б. з. д. 1-мыңжылдықта өмір сүрген Тибет және Памир халықтар тарихының авторы, көшпелі халықтардың нарративті (ауызша, жергілікті) дереккөздерді зерттейтін деректанушысы. Оның еңбектерінде Ежелгі Ресей мен Ұлы Дала мәселелеріне жаңа тұрғыдан зерттеуге  үлкен көңіл бөлінген.

   Еуразияланудың заманауи теоретигі, этногенездің пассионарлық ілімнің авторы, танымал географ-тарихшы және философ Л.Н. Гумилевтің шығармашылығы XX-шы ғасырдың манызды құбылысы болды, әрі түркологияға мол үлес қосты. Түркітілді халықтардың тарихы, этнографиясы, археологиясы Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде кеңінен дамыды.

  Ғалым 1992 жылы 15-ші маусымда Санкт-Петербургте кайтыс болды.

  Кітап көрмесінде Л.Н.Гумилевтің «Древняя Русь и Великая степь», «Хунну», «Древние тюрки», «Этногенез и биосфера Земли», «Тысячелетие вокруг Каспия»,  «Меня называют Евразийцем», «Черная легенда» атты еңбектері және оның ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты құжаттар қойылған.

  Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование