KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887968
2019 жылы:  21683
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2012

   ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Г.Қ.Балабекова Қазақстандағы Франция елшілігінің және Француз институтының Орталық Азияны зерттеу саласының (ІFEAR), Францияның шет ел істері жөніндегі министрлігінің  өкілдерін қабылдады.

  Делегация құрамында  Өнер және баспа өнімдері департаментінің, Францияның шет ел істері жөніндегі министрлігінің Мәдени саясат және француз тілі басқармасының директоры Жоэль Савари, Француз институтының Дамыту және серіктестік ынтымақтастық департаментінің директоры Жан-Франсуа Геганно,  Франция елшілігінің мәдениет жөніндегі  кеңесшісі Йоанн Юрес болды.

  ҚР Ұлттық кітапханасы мен Қазақстандағы Франция елшілігін ұзақ мерзімді достық ынтымақтастық байланыстырады. Кездесуде Қазақстандағы Франция мәдениеті жылы (2013 жылы) және Франциядағы Қазақстан мәдениеті жылы (2014 жылы) қарсаңында «Франция – Қазақстан тоғысқан маусым 2013/2014» бағдарламасына енуге болатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Осындай мүмкіндіктердің бірі, әрі кітапхана тарапынан бұдан бұрын көтерілген бастама – «ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы француз әдебиетінің жауҺарияттары» атты каталог шығару болып табылады.

   Қонақтар экскурсия барысында Сирек кітаптар мен қолжазбалар және Әлем әдебиеті бөлімдерінің қорларымен танысты. ҚР Ұлттық кітапханасы қорында француз кітаптарының жинамасы 7800 данаға жуық, соның ішінде 1800 сирек кітаптар мен қолжазбалар. Кітаптар 1659 жылдан басталып ХХ ғасырдың басына дейінгі мерзімді қамтиды.  Ең көне басылымдар қатарында  «Олеарий Адам. Продолжение отчета о путешествии в Московию, Татарию и Персию» (1659 г.); «Journal des sçavans» (1679 г.) және т.б. басылымдар жатады. Жинама құрамында Вольтердің, Ж.-Ж. Руссоның, Мольердің, Гюгоның, Дидроның шығармалары, энциклопедиялар, тарих, география және т.б. ғылым салалары бойынша басылымдар бар.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование